$ 510.43  594.86  6.49

Астанада ер адам арнайы жасақ қызметкеріне оқ жаудырды (ВИДЕО)

21 жастағы күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астана қаласының тұрғыны аңшылық мылтықтан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші болған оқиға туралы "102" арнасына хабарлаған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мылтық тәркіленді", - дейді полиция.

Жәбірленуші құқық қорғау органдарының қызметкері болып шықты. Ол оқиға болған кезде еңбек демалысында болған, дейді Астана полициясы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары