$ 512.16  594.72  6.57

Маңғыстау тұрғыны 26 жастағы қызды интимді суреттерімен бопсалаған

Полиция күдіктілердің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Маңғыстау облысында 26 жастағы жәбірленуші әлдекімнің өзін интимдік суреттермен бопсалап, ақша талап жүргенін айтып, полицияға жүгінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz порталының мәліметінше, 26 жастағы ер адам жәбірленушінің интимдік сипаттағы суреттерін әлеуметтік желілерде және туыстарына жариялаймын деп қорқытып, бір миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған.

“Күдікті 17 қаңтарда WhatsApp мессенджері арқылы жәбірленушіден алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 20 қаңтарға дейін беруді талап еткен. Ақшаны шот арқылы аудартпақ болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 17 қаңтарда Жаңаөзен қаласында екі ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден көк түсті iPhone 14 Pro Max, ал екінші күдіктіден қара түсті iPhone 11 телефондары заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді”, – деп мәлімдеді полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция күдіктілердің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары