20.01.2026, 15:00

Тоқаев жаңа орган – Халық кеңесін құруды тапсырды

Фото: Ақорда

Орган заң шығару бастамасы құқығына ие болады.

Тоқаев жаңа орган – Халық кеңесін құруды тапсырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларын біріктіреді. Кеңес құрамына 126 адам кіреді. Төрағаларды Президенттің өзі тағайындайды.

Орган заң шығару бастамасы құқығына ие болады.

Этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері Қазақстан халқы Ассамблеясынан Халық кеңесіне өтеді.

Сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу де осы органның құзыретіне кіреді.

Халық кеңесі Конституцияға енгізіліп, оның қызметі үшін жаңа заңдар қабылданады.