20.01.2026, 16:20

«Күйеуім көзіме шөп салды»: Құралай ханым психологияға қалай келгенін айтты

Фото: видеодан скрин

"Отбасымды сақтап қалдым, кешірдім".

Танымал коуч Құралай ханым психологияға қалай келгенін айтты. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Ол Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында күйеуі көзіне шөп салғаннан кейін психологияға бет бұрғанын мәлімдеген.

«1999 жылы таксиде «Подсознание может все» деген кітап таксиде қалып кетіпті. Жүргізуші «сіз ала беріңіз» деді. Ең бірінші шетелдік «жетістік құпиясы» ұғымы, коучинг туралы іздене бастадым. Жұмыс істеп жүрген жерімдегі бір апай да психологиялық кітаптарды көп оқитын және соларды маған беретін. Күйеуге шыққан кезде қазақ қыздары қайын жүртқа шығады ғой. Үлкен отбасыға барған кезде қарым-қатынастан түрлі стресс, ажырасудың алдында болдық. Сол кезде мен психологияны іздеп кеттім. Ажырасуға көзге шөп салу түрткі болды. 2002-ші жылдары ол қалыпты жағдай болып саналатын. Көп отбасыда болып жатты. Екінші әйел алу қоғамда мода болып кеткен сияқты болды. «Қазақ байыса, қатын алады» дейді ғой. Сондай отбасылық дағдарыстар кезінде психологқа барып, терапия өтіп, терең өзіммен айналысуыма түрткі болды. Отбасымды сақтап қалдым, кешірдім. Табиғатым өзі сондай, кешірімшіл адаммын. Қазір кешіргеніме өкініш жоқ. Сол жағдай бүгінгі Құралай ханым болуыма әкелді», — дейді ол.