$ 507.05  594.82  6.51

«Кінәлілер жауапқа тартылады»: Бектенов медициналық сақтандыру қорындағы жемқорлық жайлы

Премьер-министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі Ұлттық құрылтайда Үкіметке берген тапсырмалары тиісті деңгейде орындалуын тікелей өзі бақылайтынын ескертті.

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет

Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі 1 шілдеге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялануы керек. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы Үкіметтің шешімін қолдады. Тиісті тексерулер басталып кетті. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады. Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі осы жылдың 1 шілдесіне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялануға тиіс. Бұл қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, - деді ол.

Премьер-министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі Ұлттық құрылтайда Үкіметке берген тапсырмалары тиісті деңгейде орындалуын тікелей өзі бақылайтынын ескертті.

Әріптестер, Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары елімізді ауқымды жаңғыртудың бірыңғай ұзақмерзімді стратегиясымен үндесіп жатыр. Оларды жүзеге асыру барлық құрылымдардың нақты әрі үйлесімді жұмысына байланысты, - деді Үкімет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0