23.01.2026, 21:30

Екі адам көз жұмған жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі күдікті деп танылды

Коллаж: Sn.kz

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

Шавкат Рахмоновтың әйелі екі адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына күдікті деп танылды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

Бұған дейін Гүлайым Рахмонова қорғану құқығы бар куәгер ретінде көрсетілген.

Әділовтың айтуынша, тараптар қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарын қарап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жол апаты өткен жылдың 27 шілдесінде Жамбыл облысындағы Алматы-Екатеринбург тас жолында болған.

Гүлайым Рахмонова басқарған Toyota Land Cruiser көлігі аударылып қалған.

Көлікте оның кішкентай ұлы мен екі құрбысы болған.

Екі ересек жолаушы оқиға орнында қаза тапты, ал Рахмоновтың әйелі мен баласы жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Кейін олар шығарылды.

Апат салдарынан абайсызда өлімге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік және сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Шавкат Рахмонов  оқиғаға қатысты ештеңе демеді.