24.01.2026, 08:30

Жаңбыр, қар, көктайғақ: Кей өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: Pixabay

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 24 қаңтарда елдің бірнеше өңіріне қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарныда қар, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарныда, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Түркістанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жезқазғанда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Жамбыл облысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 24 қаңтарда тұман күтіледі

Абай облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман Қостанайда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.