$ 503.35  590.63  6.62

Құрылтай депутаттығына үміткер азаматтың жасы нешеде болу керек

Сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші Құрылтайға депутат болудан үміткерлерге қойылатын талаптарды атады.

Фото: Конституциялық сот
Фото: Конституциялық сот

Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Құрылтай депутаттығына үміткерлерге қойылатын негізгі талап тарды атады. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.

- Енді, Жұмыс тобы конституциялық реформаға қатысты ұсынған жаңашылдықтарды тарқатып айтып берейін. Бірінші – Құрылтайдағы депутат саны туралы. Бұл мәселе Жұмыс тобы мүшелері арасында біраз пікірталас туғызды. Біздің түпкі мақсатымыз – кәсіби әрі тиімді Парламент құру. Осыны ескере келе, Жұмыс тобы Құрылтайда 145 депутат болуы керек деген тоқтамға келді, - деді ол.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші Құрылтайға депутат болудан үміткерлерге қойылатын талаптарды атады.

- Осы мәселеге қатысты да түрлі пікір айтылды. Бұлай болуы заңды да. Кейбіреулер қазіргі талаптарды сол күйі қалдырайық, ешқандай өзгеріс енгізудің қажеті жоқ деген пікір айтты. Енді біреулер талаптарды барынша қатаңдату қажет деп санайды. Қазіргі заң бойынша жасы 25-тен асқан азаматтарымыз Мәжіліс депутаты бола алады. Сондай-ақ, олар кейінгі 10 жылда еліміздің аумағында тұрақты тұруы шарт. Ең бастысы, елге қызмет етем деген азаматтардың халық қалаулысы атануға мүмкіндігі болуы қажет. Жұмыс тобы қазіргі Мәжіліс депутаттарына қойылатын талаптар Құрылтайға да қатысты болып, сол қалпында қалғаны жөн деген пайымға келді. Ал Құрылтай депутаттарына қойылатын қосымша талаптар конституциялық заңда айқындалуы мүмкін, - деді Ерлан Қарин.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0