$ 503.35  590.63  6.62

12 өңірде ауа райына байланысты шұғыл ескерту жарияланды

Астана мен Ақмола облысында: Оңтүстік пен шығыста қар жауып, жаяу боран соғады.

Фото: Андрей Любимов / РБК
Фото: Андрей Любимов / РБК

Синоптиктер 2026 жылғы 25 қаңтарда Қазақстанның ірі қалалары мен басым бөлігінде ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті.«Қазгидромет» қауіпті аймақтардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Еліміздің ірі қалаларында жексенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар сақталады:

Алматы мен Қонаевта түнде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Шымкентте түнде қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтілуде. Тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Астана мен Ақмола облысында: Оңтүстік пен шығыста қар жауып, жаяу боран соғады.

Республиканың бірқатар облысында ауа райы айтарлықтай қиындай түспек.

Жамбыл және Түркістан облыстарында таулы аймақтарда қалың қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Жетісу облысында, атап айтқанда Алакөл маңында желдің жылдамдығы 28 м/с жетеді. Таулы жолдарда көктайғақ қаупі жоғары.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында қар жауып, жаяу боран мен тұман күтіледі.

Қостанай, Атырау, Маңғыстау Қызылорда облыстарында негізгі қауіп — қою тұман. Ақтау мен Маңғыстаудың солтүстігінде тұманмен бірге көктайғақ болуы мүмкін. Абай облысының Жарма ауданында жел күшейеді. 

Синоптиктер көлік жүргізушілеріне жолдардағы көктайғақ пен көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты сақ болуды, мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0