$ 503.35  590.63  6.62

5 адам қаза тапты: Жетісу облысында қайғылы жағдай болды (ВИДЕО)

Тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Жетісу облысында жол көлік оқиғасынан бірден  бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Azattyq-ruhy cайтына сілтеме жасап.

Жол сақшыларының сараптауынша, қайғылы жол-көлік оқиғасы 24 қаңтарда Ақсу ауданында болған. Кешқұрым уақытта "Көшкентал-Қапал" автожолының 4-ші шақырымында екі жеңіл автокөлік бір бірімен бетпе бет соқтығысқан. Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы машиналардың жолаушылары жан тәсілім еткен. Апат туралы хабарланғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген. 

«Апат салдарынан бес адам қаза тапты. Түрлі дәрежедегі дене жарақаты бар екі жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде трагедияның себептері мен мән-жайлары белгіленеді, сондай-ақ болған оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары тексеріледі. Қара жолда қарсы бетке шығып, қауымды қара жамылдырған ақылсыз жүргізушілерге қатысты да тергеу басталды. Оқиға полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0