25.01.2026, 10:30

«5 адам тірідей жанып кетті»: Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30–да Жетісу облысы Ақсу ауданында «Көшкентал — Қапал» автожолының 4-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан. Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы шығып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілуп жатыр.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылып жатыр. Тергеп-тексеру барысы Департамент басшылығының бақылауында. Полиция қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады, — делінген хабарламада.