$ 503.35  590.63  6.62

Өскемен гарнизонында мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Марқұм 2024 жылдың сәуір айында әскери қызметке шақырылған.

Фото: Ұлысмедиа
Фото: Ұлысмедиа

23 қаңтарда Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өз-өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Марқұм 2024 жылдың сәуір айында әскери қызметке шақырылған.

23 қаңтар күні кешкі уақытта әскери қызметші қарауыл қызметін атқару барысында мұнарада тұрған кезде өзіне бекітілген АК-74 қаруынан абайсызда оқ атылып кеткені туралы болжам бар. 

Қорғаныс министрлігі төтенше жағдайға қатысты түсініктеме бере отырып, дәл осы нұсқаны алға тартып отыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0