25.01.2026, 22:30

«Құндыздың қол-аяғын байлап тастаған»: Руслан Өтепбай шұғыл хабар таратты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Мен бұл сөздерге сенбеймін". 

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде тарап жатқан Құндыздың жағдайына байланысты алаңдаушылық білдірді. Ол Тараз қаласындағы жауапты мемлекеттік органдарды бұл жайтты назардан тыс қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде баланың қолы мен аяғы, сондай-ақ аузы скочпен байланғаны көрінетін фото жарияланған. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында журналист Құндыздың қамқоршысы Зүльфиямен тілдескен.

Алайда қамқоршының жауабы Руслан Өтепбайдың күдігін сейілтпеген.

«Байлаған мен емес деп отыр. Бірақ айтқандары бір-біріне сәйкес келмейді. Мен бұл сөздерге сенбеймін», – дейді ол.

Осыған байланысты журналист Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен полиция департаментін жағдайды жан-жақты тексеруге шақырды.

Сондай-ақ Руслан Өтепбай бұл істі жеке бақылауына алатынын айтып, жақын уақытта Тараз қаласына баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.