$ 501.79  595.07  6.56

Павлодар облысында «Газель» жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Павлодар облысы ПД
Фото: Павлодар облысы ПД

26 қаңтар күні Павлодар облысындағы Шарбақты ауылының маңында, Омбы – Майқапшағай автожолында жаяу жүргіншіні көлік қағып, соның салдарынан адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "Газель" автокөлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды қағып кеткен. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0