29.01.2026, 15:20

«Барлық міндеттерді орындауға күш салдым»: Руслан Желдібай мәлімдеме жасады

Фото: Ақорда

"Болашақта да кәсіби тәжірибемді ел мүддесіне, отанымызды дамытуға пайдаланамын". 

Қазақстан Республикасының бұрынғы президент көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 2026 жылғы 29 қаңтарда өзінің Facebook парақшасында жазба жариялап, қолдау көрсеткендерге алғысын айтты, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Желдібай бүгін ресми түрде президент көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметінен кеткенін еске салды.

"Бүгін осыған дейін атқарып келген Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы қызметін ресми түрде аяқтадым. Осы кезеңде Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттерді тиісті деңгейде орындауға барынша күш салдым. Қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар алдағы уақытта өз нәтижесін береді деген сенімдемін", – деп жазды Руслан Желдібай.

Сонымен қатар, Руслан Желдібай мемлекеттік қызметті жауапкершілік ретінде қабылдайтынын тілге тиек етті.

"Болашақта да кәсіби тәжірибемді ел мүддесіне, отанымызды дамытуға пайдаланамын. Баршаңыздың жылы лебіздеріңізге, алғыстарыңызға рақмет!, – деп жазды Руслан Желдібай.