Арнайы порталда тиісті ақпарат пайда болды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «OrdaMed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке іздеу жариялады. Тиісті ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Белгілі болғандай, іздестіру жарияланған іс 28 қаңтарда Астанада тіркелген. Оған Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастамашылық еткен. Бүгінгі таңда іздеу шараларын комитеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізуде.
«Ділімбетов Еркін Тұрмұхамбетұлы. 44 жаста. Қазақстан азаматы. Іздестіру ісі 2026 жылғы 28 қаңтарда Астанада тіркелді», – делінген мәліметте.
Тергеу мәліметіне сәйкес, схема мемлекетке 4,5 млрд теңге шығын келтірген. Қылмыстық іске компания басшысы, танымал кәсіпкер Еркін Длімбетовтің қатысы бар.
Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті «OrdaMed» басшылығын ұстағанын жазғанбыз. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.