$ 503.9  603.32  6.61

«Ақтөбеден келген сәлафит, уахаб»: Айгүл Орынбек Шымкентте әйелді бауыздаған күдікті туралы

Заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, қылмысқа Ақтөбе қаласынан келген ер адам күдікті ретінде ұсталған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Шымкентте көшеде келе жатқан әйелді бауыздап өлтірген қаскөй сәлафит,жат ағымның жетегіндегі жігіт. Белгілі заңгер Айгүл Орынбек қанды қылмыстың Шымкентте  жиіленіп кеткенін айтып, дабыл көтерді. Соңғы  оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Заңгер қылмыскердің сәлафит, уахаб ұстанымында болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, қылмысқа Ақтөбе қаласынан келген ер адам күдікті ретінде ұсталған. Қазіргі таңда оның бұл әрекетке не себепті барғаны анықталып жатыр.

Күдікті алдымен бір әйелге шабуыл жасаған. Кейін тағы бір қызға пышақ ала жүгіріп, одан соң полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. 

«Осы сәтте құқық қорғау органдары қызметтік қару қолданып, күдіктіні аяғынан атып, дер кезінде залалсыздандырған. Оқиға кезінде полиция қызметкерлері Абай Байжанов пен Азамат Нарбаевтың жедел әрекет етуі арқылы басқа адамдардың өмірі сақталып қалды»,  — деді заңгер. 

Айгүл Орынбек бұл жағдай жан-жақты тексерілуі тиіс екенін айтып, құқық қорғау органдары күдіктінің Шымкентке келу мақсатын және қылмысқа итермелеген себептерді анықтауы қажет екенін жеткізді.

«Қала тұрғындарына қоғамдық орындарда сақ болу керек. Күдікті адамдарды байқаса, бірден 102 нөміріне хабарлау қажет. Мұндай қылмыстар қоғамда үрей тудырып, тұрақтылықты шайқауға бағытталуы мүмкін. Сондықтан құқық қорғау органдарының жедел әрі кәсіби әрекеті — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты кепілі. Ақтөбеден арнайы келген күдікті сәлафит, уахаб деген күдік бар. Деструктивті жат ағымның жолында болуы мүмкін, бәрі тексерілуі тиіс»,  — деді заңгер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0