$ 503.17  600.89  6.63

«Үш өреннен кейін, үш қызғалдақ»: Қостанай облысында үшем дүниеге келді

Анасының жасы - 31-де

Фото: ДСМ
Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау минисистрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жүктілік табиғи жолмен болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қостанай ауданында тұратын Шарапиевтер отбасында бұған дейін үш ұл өсіп келе жатқан болса, бір күнде отбасы бірден үш қызбен толықты. 

Бұл соңғы үш жылдың ішінде облыста тіркелген алғашқы жағдай. Анасының жасы - 31-де. Жаңа туған сәбилердің екеуінің салмағы — 2600 грамм, біреуінікі — 2300 грамм. Барлығының бойы — 49 сантиметр, - деп хабаралады ДСМ баспасөз қызметі.  

Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ананың да, балалардың да жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Мамандар көпұрықты жүктілік жүктілік кезеңінде де, босану кезінде де жоғары қауіп тобына жататынын, мұндай жағдайда тұрақты медициналық бақылау мен перинаталдық көмектің жоғары деңгейі қажет екенін атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0