$ 501.02  597.27  6.59

Тоқаев Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турниріндегі жеңісімен құттықтады

"Бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады".

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

– Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0