Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимерген сайлаушылармен өтетін кездесулерге кей жағдайда баласымен бірге қатысуға мәжбүр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.
Депутаттың айтуынша, бала күтушінің ауырып қалуына байланысты ол жұмыс сапарларын кейінге шегере алмаған.
«Бұрын жалғызбасты аналарды аяушы едім. Қазір өзім сол қатарға қосылдым. Бірақ сезімім мүлде басқа. Түсінгенім – жалғызбасты аналар әлсіз емес. Олар ешкімге айтпайтын, ешкімге көрсетпейтін нағыз күштің иесі. Себебі қандай жағдайда да тоқтап қалмайтынын өз басымнан өткеріп жүрмін. Сол күні бала күтуші ауырып қалды. Балам өзге ешкімге көнбейді. Ал халықпен кездесу кейінге шегерілмеуі керек, себебі бұл – үлкен жауапкершілік. Сондықтан кей сәттерде баламмен бірге елге қызмет етемін», – деп жазды мәслихат депутаты.
Жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып, пікірлер екіге жарылды. Бірі депутатқа қолдау білдірсе, енді бірі бұл қадамды сынға алды.