Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, мекемеде бір камерада отырған екі сотталушы арасында жанжал шыққан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Төбелес барысында олардың бірі екіншісіне дене жарақатын салып, салдарынан жәбірленуші қайтыс болған.
"Аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу және тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Мекемедегі жағдай тұрақты", – делінген ақпаратта.
Тергеу барысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығының бақылауында.