Қазіргі уақытта адам өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алматы қаласында Розыбакиев көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған видеодан ер адамның жолдан өтіп бара жатқаны көрінеді, алайда бірнеше секундтан соң ол сары түсті жүк көлігінің астына түседі. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта адам өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.