QazaqOil жанармай құю бекетінде әжетханаға кіру қосымша төлем арқылы жүзеге асатыны белгілі болды.
Атыраудан шығар жолдағы QazaqOil жанармай құю бекетінде әжетханаға кіру қосымша төлем арқылы жүзеге асатыны белгілі болды. Бұл талап жанармай құйған жүргізушілерге де бірдей қойылып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Әлеуметтік желіде тараған видеода кей қолданушылар «QazaqOil-ға байкот жариялау керек» деген пікір білдірген. Олардың айтуынша, тәулігіне жүздеген көлік аялдайтын бекетте санитарлық қызметтің бөлек есептелуі тұрақты табыс көзіне айналған. Бұл жағдай тұрғындар арасында наразылық туғызуда. Жол бойындағы жанармай құю бекеттері - ұзақ сапарға шыққан жүргізуші үшін ең қажетті инфрақұрылымның бірі. Мұнда санитарлық қызмет бұрын сервистің ажырамас бөлігі саналатын. Ал оны жеке қызмет ретінде ұсыну, кей сарапшылардың пікірінше, компания кірісін арттыруға бағытталған тәсіл болуы ықтимал. Видео дереккөзі: monitoring24kz