$ 501.02  597.27  6.59

Көкшетауда тегін дәрі халыққа қолжетімсіз болуда (ВИДЕО)

Адамдар таңғы сағат 11:00-ден бастап кезекке тұрып, кешке дейін күтсе де, қолына қажетті дәрі-дәрмек тимей қайтып жатыр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Көкшетауда тегін дәрі-дәрмек алу күрделі мәселеге айналды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеолар мен тұрғындардың шағымдары жағдайдың ушығып кеткенін көрсетті. Адамдар таңғы сағат 11:00-ден бастап кезекке тұрып, кешке дейін күтсе де, қолына қажетті дәрі-дәрмек тимей қайтып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай Көкшетаудағы ViaMedis әлеуметтік дәріханасында, Назарбаев даңғылы, 13А мекенжайында орын алуда. Кезек күн бойы азаймайды. Қызмет көрсету тым баяу - бір адамға шамамен 25–30 минут уақыт кетеді.

«Дәрі алу үшін ұзақ тұрдық, бірақ препараттың мерзімі өтіп кеткен болып шықты. Рецепт бір айға ғана беріледі, ал дәрілер екі айда бір рет қана жеткізіледі. Осы аралықта біз не істеуіміз керек?» - дейді қала тұрғыны.

Тағы бір тұрғынның айтуынша, дәрі келгені туралы хабар тарағанымен, дәріханаға хабарлассаң - препарат жоқ. Әлеуметтік дәріхана біреу-ақ, ал науқастардың саны күн сайын артып келеді. Соның салдарынан кейбір адамдар бірнеше сағат күтіп, дәрісіз қайтуға мәжбүр.

Осындай жағдайда Көкшетау әкімдігінің бұл мәселеге бейжай қарауы қоғамның ашу-ызасын тудырып отыр: тұрғындар күн сайын кезекте тұрып, дәрісіз қайтып жатқанда, жүйелі шешім әлі де көрінбей отыр.

Тұрғындар жауапты органдардан әлеуметтік дәріханалардағы жағдайды шұғыл реттеп, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тетігін қайта қарауды талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0