02.02.2026, 18:20

«Жақсы әке болдың...»: Жаңаөзенде көз жұмған дәрігердің жұбайы жазба арнады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Уақыт сұрап, неге кеттің?"

Жаңаөзенде кісі қолынан қаза тапқан дәрігер Нұрдәулет Аманғалиевтің жұбайы желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның Жансая есімді жұбайы жүрек тебірентерлік жазба қалдырған.

"Уақыт сұрап, неге кеттің? Жақсы әке болдың... Аллаһ рақымына ала көр", – деп жазды ол.

Нұрдәулет Аманғалиев небәрі 29 жаста болған. Артында бір ұл, бір қызы қалды.