$ 501.02  597.27  6.59

Жантүршігерлік кадрлар: Талдықорғанда жол апатынан жүргізуші қаза тапты (ВИДЕО)

Кейін белгілі болғандай, Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі алған ауыр жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмған.

Фото: ИА «NewTimes.kz»
Фото: ИА «NewTimes.kz»

Талдықорған маңындағы тас жолда орын алған өлімге әкелген жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы жарияланды. Кадрлардан көліктердің соқтығысқан сәтін көруге болады, деп хабарлайды Sn.kz сайты. 

Жол апаты Талдықорған – Қарабұлақ бағытындағы автожолда болған. Апат салдарынан бірнеше адам жарақат алған. Бес зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Кейін белгілі болғандай, Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі алған ауыр жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмған.

Аталған дерек бойынша Талдықорған – Текелі автожолында полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апатына жылдамдық режимін асыру және жол қозғалысы ережелерін сақтамау себеп болған.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және қала сыртындағы тас жолдарда аса мұқият болуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0