$ 503.44  593.35  6.55

Өтірік психологтардың дәурені бітті: Енді психологтар қатаң бақылауға алынады

Айтуынша, арнайы реестр нарықты жүйелеу және біліктілігі жоқ адамдардың қызметіне тосқауыл қою үшін қажет.

Фото: Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Парламент Мәжілісінің депутаттары «Психологиялық қызмет туралы»  заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Жоба алғаш рет психологиялық қызметті заңнамалық деңгейде реттейді.

«Ол азаматтардың психологиялық денсаулығын қорғау үшін өте маңызды қадам. Заң жобасында психологиялық қызметтің қағидаттары, оның түрлері және мазмұны нақтыланады. Психологтарға бірыңғай кәсіби стандарт енгіщіледі. Енді жоғары білім бағдарламалары мен біліктілік арттыру жүйесі де дәл осы стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Барлық психолог арнайы тізімге тіркеледі», - деді Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Айтуынша, арнайы реестр нарықты жүйелеу және біліктілігі жоқ адамдардың қызметіне тосқауыл қою үшін қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0