04.02.2026, 14:30

Пәкістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Екі ел басшылары бірге суретке түскен соң Қазақстан мен Пәкістанның мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.