04.02.2026, 15:05

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясы аумағында ағаш отырғызды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясы аумағында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды. Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.