$ 503.44  593.35  6.55

«12 жастағы қызды кездесуге шақырған»: Таразда арам ойын жүзеге асырмақ болған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Күдікті Таразда ұсталды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Таразда күдікті педофил ұсталды. Ақпаратты полиция растады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ер адам 12 жастағы "қызға" хабарламалар жазып, кездесуге шақырған. Күдікті Таразда ұсталды.

Белгілі болғандай, күдікті педофилді ұстауға белсенділер көмектескен. Олар 12 жасар қыздың атынан аккаунт ашқан. Сол аккаунтқа күдік тудырған ер адам хабарлама жазып, "қыз баламен" байланыс орнатқан. Ол "қызға" тез ақша табуды ұсынып, порнографиялық видео жіберген. 

Оған көргендерін қайталап, видеоға түсіріп жіберуді ұсынған. Содан кейін дүкеннен не қаласа соны сатып әперетінін айтқан. 

Кейін бетпе-бет кездесуге келісіп, сол жерде оны белсенділер қарсы алған. 

Өзім сотрудникпін, жігіттер, - деген күдікті ұсталған кезде. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан күдіктінің қыз балаға жазған хабарламалары мен оның ұсталған сәтін көруге болады. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық істің толық мән-жайларын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Тараз қаласының ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0