Қайтыс болған отбасы тауда мал баққан.
Алматы облысында Сарыбастау ауылында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.Қайтыс болған отбасы тауда мал баққан. Таудағы үйде 70 және 47 жастағы екі ағайынды, інісінің әйелі мен баласы тұрған.
«Байланысқа шықпаған. Адамдар үйге кіріп қараса, ерлі-зайыпты төсекте жатыр дейді. 70 жастағы ағасы бір балағын киіп үлгеріп, сол жерде құлапты. Нәресте бесік арбада жатқан», - дейді қара жамылған отбасының туысы Күлімхан Босқынбаева.
Туыстары пештен ыс тиіп уланған деп болжап отыр. Бүгін марқұмдар жер қойнына тапсырылды.