Бұл инъекциялық есірткіні тұтынушылар арасында жоғары болып отыр. Былтыр АИТВ инфекциясы анықталғандардың арасында 49,5 пайызы ерлер болып шыққан. Ал, әйелдер арасында – 15,6 пайыз, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Республикалық наркомония проблемалары бойынша ғылыми практикалық орталығының баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2008 жылы қазанда Павлодар және Теміртау қалаларында 50 пациент үшін апиындық алмастырушы терапияны ұсыну бойынша пилоттық жобаны енгізу басталды. Бұл шара ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу үшін Жаһандық қордың және 2006-2010 жылдарға арналған АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік бағдарламаның көмегімен жүзеге асырылған еді. Бұл екі өңірді таңдау АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдайға – АИТВ инфекциясының таралуы мен инъекциялық есірткілерді тұтынатын адамдар санының жоғары көрсеткішіне байланысты болды.
2008-2013 жылдары апиындық алмастырушы терапияны ұсыну пункттерінің саны 10-ға дейін артты. Бұл – Павлодар, Теміртау, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Тараз, Орал, Қостанай және Екібастұз қалалары еді. ҚР-да апиындық алмастырушы терапия бағдарламасын іске асыру кезінде бағдарламаға қосудың 669 жағдайы тіркелді.
2014 жылғы 1 маусымда апиындық алмастырушы терапияны 187 пациент алды, оның ішінде 48 АИТВ-позитивтілер. Барлығы 2008 жылдан бастап бағдарлама аясында апиындарға байланысты 600 пациент қамтылды. Бұл 2013 жылғы 1 қаңтардағы ресми есепте тұрған инъекциялық есірткілерді қолданушылар санының 2,4 пайызын құрады.