Жауын-шашыннан кейін көше ми батпаққа айналып, бала түгілі ересек адамның жүруі қиындаған.
Қызылорда қаласындағы КБИ мөлтек ауданында орналасқан №7 «Нұрбесік» балабақшасы маңындағы Майтөбе көшесінің жағдайы тұрғындардың наразылығын тудырып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жауын-шашыннан кейін көше ми батпаққа айналып, бала түгілі ересек адамның жүруі қиындаған.
Ата-аналар күн сайын баласын балабақшаға жеткізу үшін лай кешуге мәжбүр. Тұрғындардың айтуынша, биыл Күдерқожа көшесіне асфальт төселгенімен, Майтөбе көшесінің небәрі 200 метр бөлігі жөнделмей қалған.
Салдарынан әлеуметтік нысанға апаратын жол қараусыз күйде қалып отыр. Бұл мәселе бойынша жергілікті халық қалалық әкімдікке бірнеше рет арызданғанын айтады, алайда нақты нәтиже жоқ.
Осындайда балабақша маңындағы жолды реттей алмаған жауаптылардың жұмысына жұрт наразы.