Кадрларда судың түсі лайланып қана қоймай, мұнайға ұқсас қою сұйықтық күйінде ағып жатқанын байқауға болады.
Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласында ауызсу сапасына қатысты шағым айтты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қаладағы Луначарский көшесінде краннан қою қара түсті судың аққаны анық көрінеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрларда судың түсі лайланып қана қоймай, мұнайға ұқсас қою сұйықтық күйінде ағып жатқанын байқауға болады. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет емес, алайда нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Аталған видео Instagram желісіндегі temirtau.times және otzovik_temirtau парақшаларында жарияланған. Желі қолданушылары ауызсуға қатысты бұл жағдайдың денсаулыққа қауіпті екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде. Осындай өрескел олқылыққа жол берген қала әкімдігі коммуналдық жүйедегі мәселені дер кезінде бақылауға алмағаны үшін сынға ұшырады.