$ 495.1  583.72  6.46

«Туыстары ақша, әшекейлерді ұрлайтын»: Бишімбаевтың экс-әйелі бар шындықты айтты

Қуандық Бишимбаевтың анасы жағынан туыстары – Нұрлыбековтер әулетіне қатысты естеліктерді есіне түсірген.

Фото: Жоғары сот
Фото: Жоғары сот

Қуандық Бишимбаевтың бұрынғы жары Назым Қаһарман олардың отбасында орын алған күмәнді жайттар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Назымның сөзінше, соңғы жағдайлар Қуандықтың анасы жағынан туыстары — Нұрлыбековтер әулетімен байланысты естеліктерді қайта жаңғыртқан.

– “Бишимбаев” деген фамилия бүгінде бәріне ортақ атауға айналып кеткендей. Ал баланың тәрбиесінде басты рөлді ана атқарады. Мұны бұрын да айтқанмын. Сондықтан Қуандықтың анасы жағынан туыстары — Нұрлыбековтер әулетіне де назар аудару керек деп ойлаймын, – дейді ол.

Назым тұрмыста жүрген кезіндегі бір оқиғаны еске алды. Оның айтуынша, бірде Алмира Балтабаевнаның жиені олардың үйіне қысқа уақытқа ғана келіп кеткен. Сол аралықта Қуандықтың қолсағаты жоғалып кеткен.

– Біз күмәндандық, бірақ Қуандықтың анасы “мүмкін емес” деп кесіп айтты. Алайда бір жылдан кейін Қуандық Алматыда сол жиенімен кездескенде, өз сағатын оның қолынан көрді, – дейді Назым.

Оның айтуынша, сол кезде Қуандықтың анасы мен туған нағашы апасы бұл мәселені қозғауды қаламаған. Ал Назым мұндай жағдайларға көз жұма қарауға болмайтынын айтады.

Сондай-ақ ол тағы бір жайтты бөлісті. Айтуынша, олар Шымкентке барған сайын Алмира Балтабаевнаның анасының үйіне соғып отырған. Сол сапарлардың бірінде Назымның әшекей бұйымдары жоғалып кеткен, ал ақшасының да жиі кеміп қалатынын байқаған.

– Келінге айттым, ол “мән берме, мұны жиендердің бірі істеп жүр” деді. Бұл жолы да басқа жиен болып шықты, – дейді Назым.

Бұдан бөлек, Қаһарман жуырда бұрынғы күйеуімен сөйлескенін айтып, Қуандықтың анасы жағынан тағы бір жиені оны алдап кеткенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0