$ 495.1  583.72  6.46

Таразда бірнеше көшенің тұрғындары батпақ кешіп жүр (ВИДЕО)

Салдарынан балалардың мектеп пен балабақшаға жетуі мұңға айналған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Тараз қаласындағы шеткі тұрғын алаптардың ахуалы тұрғындардың наразылығын тудыруда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қаланың Дальняя Қарасу массивіндегі Әбдиев, Высоцкий көшелері мен оған іргелес аумақтарда, сондай-ақ Киров көшесінің соңы, Родничок массиві, Мейірім, Рыночная, Клубничная көшелерінде жол мәселесі ушығып тұр.

Тұрғындардың айтуынша, бұл аумақтарда асфальт түгілі, қара жолдың өзі жоқ, жауын-шашында көше батпаққа айналады.

Соның салдарынан балалардың мектеп пен балабақшаға жетуі мұңға айналған.

Жаяу жүру мүмкін болмай, жұрт балшыққа батып, көліктер тайғанақтап әрең қозғалады. Көпшіліктің жеке көлігі болмағандықтан, күнделікті қатынау тіпті қиындаған.

Ал қала әкімдігі жылдар бойы қордаланған бұл мәселеге нақты шешім ұсынбай, тұрғындарды тағы да уәдемен алдарқатып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0