Қуандық Бишимбаевтың анасы жағынан туыстары – Нұрлыбековтер әулетіне қатысты естеліктерді есіне түсірген.
Қуандық Бишимбаевтың бұрынғы жары Назым Қаһарман олардың отбасында орын алған күмәнді жайттар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Назымның сөзінше, соңғы жағдайлар Қуандықтың анасы жағынан туыстары — Нұрлыбековтер әулетімен байланысты естеліктерді қайта жаңғыртқан.
– “Бишимбаев” деген фамилия бүгінде бәріне ортақ атауға айналып кеткендей. Ал баланың тәрбиесінде басты рөлді ана атқарады. Мұны бұрын да айтқанмын. Сондықтан Қуандықтың анасы жағынан туыстары — Нұрлыбековтер әулетіне де назар аудару керек деп ойлаймын, – дейді ол.
Назым тұрмыста жүрген кезіндегі бір оқиғаны еске алды. Оның айтуынша, бірде Алмира Балтабаевнаның жиені олардың үйіне қысқа уақытқа ғана келіп кеткен. Сол аралықта Қуандықтың қолсағаты жоғалып кеткен.
– Біз күмәндандық, бірақ Қуандықтың анасы “мүмкін емес” деп кесіп айтты. Алайда бір жылдан кейін Қуандық Алматыда сол жиенімен кездескенде, өз сағатын оның қолынан көрді, – дейді Назым.
Оның айтуынша, сол кезде Қуандықтың анасы мен туған нағашы апасы бұл мәселені қозғауды қаламаған. Ал Назым мұндай жағдайларға көз жұма қарауға болмайтынын айтады.
Сондай-ақ ол тағы бір жайтты бөлісті. Айтуынша, олар Шымкентке барған сайын Алмира Балтабаевнаның анасының үйіне соғып отырған. Сол сапарлардың бірінде Назымның әшекей бұйымдары жоғалып кеткен, ал ақшасының да жиі кеміп қалатынын байқаған.
– Келінге айттым, ол “мән берме, мұны жиендердің бірі істеп жүр” деді. Бұл жолы да басқа жиен болып шықты, – дейді Назым.
Бұдан бөлек, Қаһарман жуырда бұрынғы күйеуімен сөйлескенін айтып, Қуандықтың анасы жағынан тағы бір жиені оны алдап кеткенін жеткізді.