Аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Семей қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылып, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тергеу барысында күдікті тұлғалар анықталып, ұсталған. Алдын ала деректерге сәйкес, олар баланың өлі туылғанын айтып, болған жағдайдан кейін ауыр психологиялық күйзеліске түскенін мәлімдеген.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.