06.02.2026, 11:50

Ақтаудағы көпқабатты үйді тышқандар басып алды

Фото: видео скриншот

Былтыр аталған үйде дератизация жұмыстары жүргізілгенімен, одан еш нәтиже болмаған.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 12-шағынаудан, №53 үйдің тұрғындары жертөле мен подъезде егеуқұйрықтардың қаптап кеткеніне алаңдап отыр. Олардың айтуынша, бұл мәселе бір жылдан бері шешімін таппай келеді. Былтыр аталған үйде дератизация жұмыстары жүргізілгенімен, одан еш нәтиже болмаған. Керісінше, тұрғындар кеміргіштердің саны бұрынғыдан да көбейгенін айтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Үй тұрғындары өз денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін алаңдаулы, әсіресе балалардың жағдайына қатты алаңдайды. Себебі егеуқұйрықтар түрлі қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы саналады. Санитарлық ахуалдың нашарлауы тұрғындардың күнделікті өміріне де кері әсер етіп отыр.

Алайда қала әкімдігі көпқабатты үй тұрғындарының жанайқайына дер кезінде назар аудармай, мәселені созбалаңға салып отырғаны сынға ұшырады.