$ 494.63  583.22  6.42

Астанада Қарқаралы тасжолында автобус өртеніп кетті

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Астанада Нұра ауданындағы Қарқаралы тасжолында автобус өртенді, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде көлік құралы толықтай отқа оранғаны анықталған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел түрде ауыздықтады. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жалын қысқа уақытта толық сөндірілген.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ мамандары азаматтарды автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0