09.02.2026, 13:10

Алматы облысында лай көшкіні үй ауласына құлап, көлікті басып қалды

Коллаж: Sn.kz

Соның салдарынан ауладағы қора қирап, оның астында тұрған жеңіл автокөлік зақымданды. 

Алматы облысында қолайсыз ауа райының салдары қауіпті жағдайға ұласты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Таулы аумақтан сырғыған топырақ массасы жеке тұрғын үйдің ауласына құлап, айналаны лай-балшыққа толтырған.

Соның салдарынан ауладағы қора қирап, оның астында тұрған жеңіл автокөлік зақымданды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7–8 ақпан күндері қар аралас жауын-шашын мен тұрақсыз ауа райы топырақтың шамадан тыс ылғалдануына себеп болған.

Салдарынан тау баурайындағы жер қабаты босап, өздігінен сырғып кеткен.

Абырой болғанда, тұрғын үйлерге зақым келмеген. Оқиға кезінде зардап шеккендер мен адам шығыны тіркелген жоқ. Қазір жағдай Алматы облыстық ТЖД бақылауында.

Оқиға орнында жедел қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аумақты жарықтандыру үшін арнайы жарық мұнарасы орнатылды.