10.02.2026, 10:00

Қарағандының қақ ортасында қаңғыбас иттер қаптап кеткен

Фото: видеодан скрин

Қазір бейнежазба желіде қызу талқыланып, қауіпсіздік мәселесі қайта көтерілді.

Қарағанды қаласының орталығында қаңғыбас иттер көбейіп, тұрғындардың жүріп-тұруына қауіп төндіре бастады. Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше иттің топтасып, көшеде өтіп бара жатқан адамдарды қоршаған сәті түсірілген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадр авторының айтуынша, оқиға қаладағы Лобода көшесі маңында болған, онда иттер ер адамды өз итімен серуендеп жүрген кезде жан-жағынан қоршап алған. Пікір қалдырған желі қолданушыларының бірі дәл осы аумақта иттердің шабуылдап, адамдарды тістеп алған жағдайлары тіркелгенін жазған.

Тұрғындар әсіресе кешкі уақытта балалар мен қарттарға қауіп күшейетінін айтып дабыл қағуда. Алайда қаладағы қаңғыбас жануарлар мәселесін жүйелі шеше алмаған әкімдікке жұрт наразылық білдіруде. Қазір бейнежазба желіде қызу талқыланып, қауіпсіздік мәселесі қайта көтерілді.