$ 494.75  586.77  6.38

«Конституциялық реформа еліміздің әлеуетін нығайтатыны анық» — Олжас Бектенов

"Үкімет елімізді ауқымды жаңғыртуға бағытталған мақсат-міндеттерді тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуға дайын". 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Үкімет елімізді ауқымды жаңғыртуға бағытталған мақсат-міндеттерді тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуға дайын, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында конституциялық реформаның маңызын атап өтті.

"????Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіз жариялаған конституциялық реформа еліміздің әлеуетін нығайтып, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың сапасын арттыратыны анық. Сондай-ақ ол жаңа сын-қатерлерге бейімделуге мүмкіндік береді. Сіз Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында орнықты әрі сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді айқындап бердіңіз. Үкімет елімізді ауқымды жаңғыртуға бағытталған мақсат-міндеттерді тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуға дайын"????, — деді Олжас Бектенов. ???? 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0