10.02.2026, 15:20

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды (ВИДЕО)

Фото: Ақтөбе облысы ПД

Полиция оқиға орнына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолында болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Қарғалы ауданы Қосестек ауылында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Полиция оқиға орнына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

— Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, — деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.