Зардап шеккендер жоқ.
Петропавлда 11-сынып оқушысы мектепке тапанша алып барып, кіші сынып оқушыларын қорқытқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақпаратқа сәйкес, бір рет оқ атылған. Зардап шеккендер жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қару атыс қаруы емес, пневматикалық тапанша болғаны анықталды. Дегенмен дүрбелең туғызған оқушы мен оның ата-анасы жауапкершілікке тартылады.
“Тексеру нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ білім беру органдарына оқиғаға ықпал еткен факторларды жою бойынша шара қабылдау туралы ұсыныс енгізілді”, – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Тексеру аяқталған соң мектеп басшылығы мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болған күзет қызметкерлерінің әрекетіне де баға беріледі.