10.02.2026, 16:30

ChatGPT статистикасы: Тоқаевтың бір сұрағы министрді тығырыққа тіреді

Фото: Ақорда

Алдымен ол жалпы әлемдік қолданушылар туралы мәлімет айтып өтті.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің есебі Мемлекет басшысының сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрден Қазақстанда ChatGPT-ді қанша адам қолданатынын нақты сұрады. Алайда министр бұл сұраққа бірден анық жауап бере алмады.

Алдымен ол жалпы әлемдік қолданушылар туралы мәлімет айтып өтті. Кейін Қазақстан бойынша көрсеткішті нақтылай бастағанда, сөз арасында кідіріс байқалды. Бұл Мемлекет басшысының күмәнін күшейтті. Президент цифрлық статистика дәл әрі нақты болуы тиіс екенін ескертті.