$ 490.58  584.77  6.34

Атырауда жүздеген шабақ қырылып қалған (ВИДЕО)

Су тереңдігі небәрі 1 метрге жуық, ал мұз құрсауы тіршілік иелерінің еркін қозғалуына мүмкіндік бермей отыр.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Атырау қаласындағы Сары-Өзек каналында балық шабақтарының жаппай жиналуы экологиялық алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мамандардың мәліметінше, каналдың бір бөлігінде шамамен 100 шаршы метр аумақта балықтар шоғырланған. Су тереңдігі небәрі 1 метрге жуық, ал мұз құрсауы тіршілік иелерінің еркін қозғалуына мүмкіндік бермей отыр.

Куәгерлер түсірген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықтың алаңын күшейтті. Алдын ала дерекке сәйкес, шабақтардың басым бөлігі тірі, бірақ олардың саны көп емес және жағдайы мүшкіл.

Оқиға орнына жауапты мекеме мамандары барып, құтқару жұмыстарын бастап кеткен.

Дегенмен табиғи арнаның мұндай күйге түсуі – алдын алу шараларының әлсіз жүргізілгенін аңғартады. Жергілікті әкімдік тарапынан каналдардың жағдайын жүйелі бақылаудың жоқтығы сын көтермейтін ахуалға жеткізгені анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0