12.02.2026, 19:20

Ораза 2026: Пітір садақаны беріп үлгермеген жандар не істеу керек?

Фото: Егемен Қазақстан

"Пітірді айт намазына дейін беру – мұстахаб".

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, Айт намазасына дейін берген дұрыс, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де болады. Алайда пітірді айт намазына дейін беру – мұстахаб», - деп жазған мүфтияттың ресми сайты.

Айта кетейік, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы биыл, 2026 жылғы Рамазан айындағы пітір садақаның мөлшерін 735 теңге көлемінде бекітті.

Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады.