$ 494.28  587.06  6.4

«Даяшыны құлатып, аяқ киімін шешіп алған»: Тойдағы ойын елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)

Әзірге шараны ұйымдастырушылар немесе полиция оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы тойлардың бірінде болды делінген видео кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеодан бірнеше адамның даяшыны жерге құлатып, аяқ киімдерін шешіп алғанын көруге болады.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, тойда асаба ойын ойнатып, байқауға қатысушыларға әзіл ретінде "даяшының аяқ киімін алып келу" тапсырмасын берген көрінеді. 

Куәгерлердің айтуынша, байқауға қатысушылар даяшы қыздың аяқ киімін өзінің рұқсатынсыз, күш қолдану арқылы шешіп алған. Видеодан даяшының жерге құлап, абдырап қалғанын анық көруге болады. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік мұндай “ойындардың” адамдық қадір-қасиет шекарасынан асып кететінін және қызмет көрсетушілерге құрметсіздік таныту екенін жарыса жазды. Кейбір желі қолданушылары даяшының аяқ киімін шешіп алған қонақтарды жауапкершілікке тартуды талап еткен.

Әзірге шараны ұйымдастырушылар немесе полиция оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1