Әуе кемесі сәтті қонып, борттағы 80 жолаушы мен экипаж мүшелері аман қалған.
Нигерияда жолаушылар ұшағында төтенше жағдай тіркелді. Arik Air әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Лагостан Порт-Харкортқа ұшып бара жатқанда сол жақ қозғалтқышында ақау пайда болған. Ұшу барысында қозғалтқыштан жарылысқа ұқсас қатты дыбыс естіліп, экипаж шұғыл әрекетке көшкен. Ұшқыштар қауіпсіздік шараларын қолға алып, бағытты өзгертіп, Бенин әуежайына қонуға шешім қабылдайды. Әуе кемесі сәтті қонып, борттағы 80 жолаушы мен экипаж мүшелері аман қалған. Қазір оқиғаға байланысты ресми тергеу жүргізіліп жатыр.